Медеуден Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жабылады

545

Оған жөндеу жұмыстары жүргізілмек.

Медеуден Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жабылады Фото: instagram.com/shymbulakmountainresort/

Алматыдан Шымбұлаққа апаратын арқан жолдар жыл сайынғы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін жабылады, деп хабарлады Inbusiness.kz.

Бұл туралы курорт әкімшілігі мәлім етті.

Атап айтқанда, 15-31 мамыр аралығында Медеу – Шымбұлақ және Комби-1 арқан жолы жабылса, 15 мамыр – 9 шілде аралығында Комби-2 жолы жұмыс істемейді.

Ал ККД-4 қалыпты режимдегі жұмысын жалғастырады.

15 мамырдан бастап Шымбұлаққа тек такси не эко автобустармен баруға болады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу