Медеуге апарар жолда мотоцикл мен велосипед соқтығысып, екі жүргізуші де қаза тапты

Сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.

Медеуге апарар жолда мотоцикл мен велосипед соқтығысып, екі жүргізуші де қаза тапты Фото: inbusiness.kz

Алматыда Медеуге апарар жолда мотоцикл мен велосипед соқтығысып, екі жүргізуші де оқиға орнында қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Алматы қалалық полиция департаментінің мәліметінше, жол-көлік оқиғасы Медеу ауданында орын алған.

"Мотоцикл мен велосипедтің соқтығысуы салдарынан екі көліктің де жүргізушісі қаза тапты. Осы факт бойынша Алматы қалалық полиция департаментінің анықтау басқармасы ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі (Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Сараптамалар тағайындалды", – деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу