Медиа өкілдеріне арналған байқау жарияланды

243

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен "Медиа дамыту қоры" корпоративтік қоры 2025 жылғы 1 тамыздан бастап жұмысшы мамандықтар жылына арналған байқауға өтінімдер қабылдауды бастады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Медиа өкілдеріне арналған байқау жарияланды Фото: canva

Ведомствоның мәліметінше, байқаудың басты мақсаты – адал еңбегімен елге үлгі болған азаматтарды таныту, жұмысшы мамандық иелері мен олардың қызметін танымал ету, еңбекқорлық, адалдық пен кәсібилік құндылықтарын дәріптеу. 

Байқауға журналистер, блогерлер, контент-мейкерлер, видеографтар, мобилографтар, фототілшілер, теле-радио қызметкерлері, БАҚ редакциялары мен шығармашылық ұжымдар мына номинациялар бойынша қатыса алады:

• Үздік бейнеролик ("Еңбек адамының бейнесі")

• Үздік телесюжет (Еңбекқорлық пен кәсіпқойлық құндылықтарын ілгерілету)

• Үздік фоторепортаж (Шебердің бір күні)

• Үздік радио сұхбат (Еңбек адамымен сұхбат)

• Үздік публицистикалық мақала (Еңбек әулетінің жетістігі тарихы).

Әрбір номинация бойынша 3 жеңімпаз анықталады. Өтінім 2025 жылғы 15 қыркүйекке дейін www.mdq.kz сайтында қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу