Медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

559

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Мемлекет Басшысының медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі тапсырмасын орындау шеңберінде саланың үкіметтік емес ұйымдары мен журналистік қоғамдастықтың бастамасы бойынша арнайы жұмыс тобының құрамын бекітті, деп хабарлайды inbusiness.kz ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Медиа заңнаманы қайта қарау жөніндегі жұмыс тобы құрылды

Жұмыс тобына үкіметтік емес ұйымдардың, телеарналардың, баспа басылымдарының, интернет-ресурстардың және жарнама агенттіктерінің өкілдері кірді. (Жұмыс тобының құрамы)

Бұл құрам азаматтар мен ұйымдардың жіберген ұсыныстарын қарауды, сондай-ақ қолданыстағы нормаларды қайта қарауды жоспарлап отыр.

Аталмыш мәселе төңірегіндегі ұсыныстарды барлық мүдделі тұлғалар жұмыс тобының отырыстары барысында қарау және талқылау үшін a.mukazhan@qogam.gov.kz  поштасына немесе +77172744582 номеріне жолдай алады.

Министрлікке жұмыс тобының құрамына кандидатураларды енгізу бойынша қосымша ұсыныстар келіп түсуде. Ведомство бұл ұсыныстардың барлығын қарастырып, қажет болған жағдайда кандидатураларды тікелей жұмыс тобының отырыстарына қатысу үшін шақыратын болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу