Медицина қоғамдастығы ұшақ апатынан қаза болғандарға арнап 1 күндік жалақысын аударады

1045

Медицина қоғамдастығы ұшақ апатынан қаза болғандарға арнап 1 күндік жалақысын аударады

Медицина қоғамдастығы әуе апатында қаза болғандарға арнап 1 күндік жалақысын аударады. Бұл туралы ҚР инвестициялар және даму вице-министрі Роман Склярдің жеткшілігімен апат орнында жұмыс жасаған арнайы комиссиясы өткізген баспасөз мәслихатында белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Сақтандыру төлемдерінен бөлек медициналық қауымдастық, республикалық ұжымдар 1 күндік жалақыны аудару туралы бірауыздан шешім қабылдады. Мен ойлаймын, бұл шешімді аймақтық, облыстық медициналық мекемелер де қолдайды деп", - деді Республикалық санитарлық авиация орталығының директоры Нұрлан Отарбаев.

Оның айтуынша, 30 жастағы келіншек босанған соң 16 тәулікте жағдайы асқынған. Жағдайы өте ауыр болғандықтан, облыстық мамандар Алматыдағы ғылыми институт мамандарымен байланысқа шығады.

"Институт мамандары мен облыстық клиника өкілдері арасында ота жасау керектігі туралы келісім жасалады. Отадан соң білікті реаниматолог пен білікті гинеколог маманды жіберу туралы шешім қабылданады. Бұл профессорлар науқас әйелдің операциядан кейінгі қалпына келуіне көмектесуі тиіс болған. Қазір әйел әлі де ауыр жағдайда. Облыстық дәрігерлер телеконференция арқылы әлі де сағат сайын байланысып жатыр", - деді Н.Отарбаев.

Еске салайық, 3 қазан күні Алматы-Шымкент бағытында санитарлық авиарейсін орындаған "АН-28" ұшағы сағат 18:47-де Алматыдан 28 шақырым қашықтықта радардан жоғалып кетті.  Сосын сағат 19.15-те ұшақ Алматы облысы Іле ауданының Междуречинск ауылы маңында апатқа ұшырап, өртенгені хабарланды. Бортта болған 5 адам экипаж мүшелері - әуе кемесінің командирі Геннадий Цой, екінші ұшқыш Евгений Кутафин, авиатехник Бейшибек Ахматбаев, Акушерия, гинекология және перинаталогия ғылыми орталығының профессоры, дәрігер акушер-гинеколог Патсаев Талғат Анапиұлы мен Кардиология және ішкі аурулар ғылыми-зерттеу институтының реаниматолог дәрігері Артықбаев Жәнібек Түкенұлы сол жерде қаза тапты. Дəрігерлер ОҚО-дағы жас босанып ауыр жағдайда жатқан келіншекті қарауға шақыртылған.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу