Медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған

1137

Індетке шалдыққандар Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларында қызмет істейді.

Медицина қызметкерлері коронавирус жұқтырған

Мемлекеттік бас санитарлық дәрігер Айжан Есмағамбетова жаңа қабылдаған қаулыда медицина қызметкерлерінің инфекциялық қауіпсіздігі жөнінде шаралар қарастырылғанын айтты.

"Өкінішке қарай, бүгінгі күні Нұр-Сұлтан, Қарағанды, Алматы қалаларында медицина қызметкерлері ауруға шалдықты. Қаулыда медицина қызметкерлерінің жұмыс сипаты мен қауіптілігіне байланысты инфекциялық қауіпсіздік шаралары мен жеке қорғаныс құралдарына қойылатын талаптар қарастырылды", – деп айырықша айтты бас санитарлық дәрігер.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу