"Жыл сайын медицина қызметкерлеріне қатысты кәсіби міндеттерін орындамағаны үшін ҚР Қылмыстық кодексінің 317-бабы бойынша 300-ге жуық іс ашылады. Қылмыстық істер көбінесе хирургиялық бейіндегі өлім қаупі бар мамандарға (акушер-гинекологтар – 14 адам, хирургтар – 14, травматологтар – 8, анестезиологтар – 6) болады", – деп мәлімдеді ол.
Зардап шеккендердің пайдасына моральдық және материалдық залал өтемақысының жалпы мөлшері 40 миллион теңгеден асты, деп атап өтті министр.
"Сақтандыру төлемдері соттың шешімі бойынша сақтандыру полисі болған кезде жүзеге асырылады, қылмыстық жауапкершілік танылған жағдайда төленбейді. Осылайша, медициналық оқиға туындаған кезде медицина қызметкерінің жалақы деңгейі пациенттің денсаулығына келтірілген залалды өз бетінше өтеуге мүмкіндік бермейді", – деп түйіндеді Ғиният.