Медицина қызметкерлері психоактивтік препараттарды сатқаны үшін жауапқа тартылды

94

Қазақстанда 108 медицина қызметкері таблеткалардың сақтау шарттарын бұзғаны үшін және психоактивтік препараттарды айналымда ұстағандар анықталды. 

Медицина қызметкерлері психоактивтік препараттарды сатқаны үшін жауапқа тартылды Фото: Health 24 - 24 Канал

"Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасымен салыстырғанда анықталған әкімшілік құқық бұзушылықтардың 30%-ға өскені байқалады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

  • 721 дәріхана,
  • 77 қойма,
  • 159 емдеу-профилактикалық мекемеcі,
  • 129 өнеркәсіптік кәсіпорын.

ІІМ есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл комитеті төрағасының орынбасары Қуандық Әлжановтың айтуынша, әкімшілік жауапкершілікке 191 лауазымды тұлға тартылды, оның ішінде 108 медицина қызметкері.

"Сақтау шарттарын бұзғаны үшін 44 мың таблетка және 14 мың ампула психоактивтік препараттар айналымы шектелді. Есірткі құралдарымен жұмыс істеу саласында бес қылмыстық құқық бұзушылық анықталды", – деді ресми өкіл.

Батыс Қазақстан облысындағы өнеркәсіптік объектілерінің бірін тексеру барысында лицензиясыз пайдаланылған 14 тоннадан астам тұз қышқылы анықталып тәркіленді. Абай облысындағы медициналық ұйымды тексеру кезінде есірткі құралдарын сақтау және жою қағидаларын бұзу дерегі анықталды, онда 137 ампула психоактивтік заттар тәркіленді. Фармацевтке қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу