Медицина қызметкерлеріне бұрын берілген санаттар үшін қосымша ақылар қайтарылады

1584

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният салалық кәсіподақ ұйымының басшыларымен және Ұлттық денсаулық сақтау палатасымен бірлесіп 2020-2022 жылдарға арналған салалық келісімге қосымша қол қойды, деп хабарлады ДСМ баспасөз қызметі.

Медицина қызметкерлеріне бұрын берілген санаттар үшін қосымша ақылар қайтарылады

Аталған құжатқа қол қоюдағы мақсат ­– бұрын берілген біліктілік санаттары куәліктерінің қолданылу мерзімінің аяқталуына қарамастан (жоғары, бірінші, екінші), 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейін медицина қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларын есептеуді қамтамасыз ету.

"Денсаулық сақтау субъектілеріндегі қызметкерлердің (медицина және фармацевтика қызметкерлерін қоспағанда) жалақысын олардың белгіленген лауазымдық айлықақыларының мөлшеріне түзету коэффициенттерін қолдана отырып төлеу қамтамасыз етілсін. 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап 1,23 мөлшерінде", – делінген құжатта.

ҚР ДСМ, "AQNIET" қазақстандық денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы және ҰДП арасындағы салалық келісім әлеуметтік әріптестіктің негізгі құқықтық актісі болуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу