Медицина қызметкерлерінен жәрдемақыларын тартып алып отырғандарға қатысты іс қозғалды

1988

Бұл туралы Жамбыл облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басшысы Әділхан Әшірбаев мәлімдеді.   

Медицина қызметкерлерінен жәрдемақыларын тартып алып отырғандарға қатысты іс қозғалды

Жамбыл облысында медицина қызметкерлері сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

"Жуалы орталық аудандық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Байториев, Оманов атындағы аурухананың әкімшілік бөлімінің меңгерушісі және есепші-кассир Мырзалиева COVID-19-ға қарсы күреске қатысқан қызметкерлерден жәрдемақыларын заңсыз жинап алып отырған. Нәтижесінде 22 медицина қызметкеріне жалпы сомасы 2,7 млн ​​теңге көлемінде шығын келтірілген", – деді Әділхан Әшірбаев.  

Дәл осындай жағдай Жамбыл орталық облыстық ауруханасында да орын алған. Бас дәрігердің орынбасары, жұқпалы аурулар ауруханасының дәрігері және аурухананың бас медбикесі мамандардың жәрдемақыларын заңсыз жинаған. Оларға 1,8 млн теңге көлемінде шығын келтірілген. Бұл іс бойынша соңғы шешімді сот шығарады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу