Медицина қызметкерлерінің Даниал Ахметовке ашық хаты

922

Медицина қызметкерлерінің Даниал Ахметовке ашық хаты

Шығыс Қазақстанның медицина қызметкерлері облыс әкімі Даниал Ахметовтің атына хат жазып, кадр тапшылығы өткір тұрған облыстық психиатриялық диспансерді жас кадрлармен қамтамасыз ету проблемасын шешуді сұрады, деп хабарлады inform.kz.

Ашық хат жазуға жүргізілген әлеуметтік аудит түрткі болды, деп хабарлады сала мамандары атынан өтініш авторы, қоғамдық кеңестің сараптамалық жұмыс тобының төрайымы Татьяна Чернышева.

"ШҚО қоғамдық кеңесінің денсаулық сақтау жөніндегі сараптамалық жұмыс тобы сізден Семей қаласы Мемлекеттік медициналық университетінің түлектері – жас мамандар үшін 6 млн теңге "үстемеақы" бөлу, сондай-ақ балалар мен ересектерге арналған психиатриялық қызмет бөлу мақсатында "Шығыс Қазақстан облыстық психиатриялық диспансері" коммуналды мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта құру мүмкіндігін қарастыруды сұрайды", – деп жазылған хат мәтінінде.

Ашых хат жазуға балалар психиатриясы саласында әлеуметтік аудиттің жүргізілуі және уәкілетті органның енжарлығы себеп болған.  Зерттеу нәтижесі аталған сала аса қанағаттанарлықсыз жағдайда екенін және даму мен жаңғыртуды талап ететінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу