Медицина мамандары сірке қышқылын еркін саудадан алып тастауды ұсынды

2489

Сірке қышқылының тек тағамға дайындалатын концентратциясын ғана қалдыру қажет деп санайды.

Медицина мамандары сірке қышқылын еркін саудадан алып тастауды ұсынды

Өз-өзіне қол жұмсаған жастардың дені сірке қышқылын ішкен. Бұл жөнінде Шымкенттегі медицина қызметкерлері қауымдастығы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Икрам Төреев мәлімдеді.

"Өзіне-өзі қол салудың ішінде сірке қышқылын ішу өте ауыр жарақат. Біріншіден одан құтқару өте қиын. Екіншіден жастарды құтқарған кезде мүгедек болып қалады. Сондықтан  еркін сату нүктелерінен 70 пайыздық сірке қышқылын мүлде алып тастау қажет", – дейді ол.

Бұл жөнінде қауымдастық осыған дейін де министрлікке хат жолдаған екен. Алайда, әзірге мәселе қандай да бір шешімін таппапты.

Сондай-ақ, қазір еркін сауда айналымынан күкірт және тұз қышқылдары алынған. Өйткені, ол сұйықтықтар да адам өміріне өте қауіпті екен. Ал, сірке қышқылының тек тамаққа дайындалатын концентратциясын ғана қалдыру қажет деп біледі. Бірлестік өкілдері аталған қышқылды қажет болған жағдайда арнайы құзырлы органдарға хат жазу арқылы ғана алған дұрыс деп санайды.

"Бұл мәселені шешу үшін бірнеше шараларды қабылдауымыз қажет. Оның себебі, қазір еліміз Еуразиялық экономикалық одақ ішінде жауапкершілігі бар. Бүткіл тауарлардың техникалық регламенті біріккен. Бұл мәселені шешу үшін Еуразиялық экономикалық кеңеске кіретін басқа мемлекеттермен келісу жұмыстары жүргізілуде. Мәселе менің бақылауымда болады",– деп жауап берді ҚР денсаулық сақтау министрі Біржан Нұрымбетов.

Арай Есенбек

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу