Медицина мамандарына бюджеттен 3 айға 34 млрд теңгеге бөлінеді

704

Олардың жағдайын республикалық бас мамандар бақылап отыр.  

Медицина мамандарына бюджеттен 3 айға 34 млрд теңгеге бөлінеді

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов елдегі қазіргі коронавирустық жағдайға байланысты медицина қызметкерлеріне үстеме ақы қосылатынын айта келіп, медицина мамандарына қолдау көрсету үшін ірі сомада қаражат бөлінетінін мәлім етті.

"Жалпы, медицина мамандарына Президент тапсырмасы бойынша мемлекеттік бюджеттен 3 айға 34 млрд теңгеге жуық ақша бөлінетін болады. Бұл өте жұқпалы ауру болғандықтан, медицина қызметкерлерінің де науқасқа шалдыққанын шет мемлекеттерден көріп отырмыз. Осы мәселені қарастыра келе, медицина қызметкері аурып қалса әлеуметтік сақтандыру қорынан арнайы 2 млн теңге бөлінеді. Ал өте күрделі жағдайға түссе, қайтыс болса 10 млн теңге бөлінеді. Бұл шаралар өте маңызды. Бүгінгі күні өте көп дәрігеріміз күндіз-түні үйлеріне бармай инфекциялық, провизорлық және карантиндік стационарда жұмыс жасауда", – деді Елжан Біртанов.

Нұржан Көшкін

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу