Медицина мамандығы бойынша оқыған жастар бірден тәжірибеге тартылады

1032

ЖОО және колледж түлектері инфекциялық стационарларда өндірістік және жазғы тәжірибеден өтеді. 

Медицина мамандығы бойынша оқыған жастар бірден тәжірибеге тартылады

Бұл туралы Алматы қаласы Жоғары медициналық колледжінің директоры Светлана Сұлтанғазиева өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинг барысында мәлім етті. 

"ЖОО және колледждерде оқыған жастар инфекциялық стационарларда өндірістік және жазғы тәжірибеден өтеді. Сондай-ақ, бұл іскен ЖОО-ның интерндері, резиденттері, студенттер мен профессорлық-оқытушылық құрамы тартылады. Мәселен науқастарды бақылау орталығында профессорлар мен оқытушылар құрамы жұмыс істейді. Еріктілерден тұратын жүк тиеуші, жүргізуші және тағы басқа қызметтерге арнайы топ жасақталады", – деген Светлана Сұлтанғазиева  медициналық ЖОО мен колледж түлектері үшін бірқатар шаралар қабылданғанын жеткізді. 

Оның айтуынша, маман сертификаттарын алу мен жұмысқа қабылдау жеңілдетілген, яғни қажетті құжаттар саны азайған.

"Бұл шаралардың барлығы студенттердің мотивациясын арттыру үшін жасалуда. Бұған қоса резидентураға конкурстан тыс қабылдау шарасы қолға алынды",– деді Светлана Сұлтанғазиева. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу