Медицина мен салық саласына жаңа технологиялар енгізіледі – Президент

1236

Қазақстанның салық саласына блокчейн енгізіледі. Салық органдары цифрландыру бойынша Ресеймен өзара серіктестік орнатты. Бұл туралы Алматыда өтіп жатқан "Digital Almaty" форумының ашылуында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.

Медицина мен салық саласына жаңа технологиялар енгізіледі – Президент

Президент атап өткен маңызды мәселенің бірі - дәрі-дәрмекті бөлудің ұлттық жүйесін іске қосу, электронды форматтағы құжаттар базасын құқықтық мақұлдау. 

Сонымен қатар Назарбаев университетінің базасында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, жасанды интеллект бойынша ұлттық кластердің қалыптасатынын атап өтті. 

"Мәліметтерді өңдеу орталықтары құрылуда. Бұл бағытта 500 млрд теңге инвестиция тартуды жоспарлап отырмыз. ЕАЭО-дағы серіктестерімізді серітестіке шақырамыз", - деді Тоқаев. 

Мемлекет басшысы күн сайын артып келе жатқан цирфлық мүмкіндіктер жауапкершілік пен оларды ақылмен қолдануды талап ететінін, жасанды интеллекті қауіпсіздікті ескере отырып, құқықтық шеңберде, адамзаттың дамуы үшін пайдалану керегін жеткізді.

"Жаңа технологиялардың пайда болуына байланысты жұмыс күшінің артуы - шешімі табылмаған қиын мәселе. Бірақ мен жаңа технология адамзатты кеңістіктен айырмайтынына сенімдімін", - деді Президент. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу