Медицина саласына 150 млрд теңге бөлінеді

890

Қаражаттың жұмсалуы Мемлекет басшысының ерекше бақылауында болады.  

Медицина саласына 150 млрд теңге бөлінеді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты үндеуінде медицинаға бағытталатын қаражат пен халықты дәрі-дәрмекпен қамту туралы айтты.

"КВИ-ді емдеу бойынша жаңа дәрілерді тіркеу жылдамдады. Бұл шаралардың барлығы қажетті препараттарды ауруханалар мен дәріханаларға тиімді және жылдам жеткізуге ықпал етеді. Үкімет пен әкімдер жедел түрде халықты қажетті дәрі-дәрмекпен қамту жұмыстарын жүзеге асыру керек. Стационарлардағы емделушілер үшін 30 мың дәрілік препарат сатып алынды. Ол қазіргі сұраныстан 70%-ға жоғары. Жұмыс жалғасады", – деді Президент.

Сонымен қатар ол бөлшек сату желілеріне қажетті дәрі жеткізілгенін айтты. Оның ішінде 800 мың қаптама парацетамол бар. Апта соңына дейін тағы 900 мың қаптама жеткізіледі. Бұған қоса 150 мың қаптама антибиотик дәріханаларға жіберілген.

"Жақын күндері дәрімен қамтамасыз ету мәселесі  толық шешіледі. Жалпы дәрілік препараттар, өкпені жасанды желдету аппараттарын алу, медицина қызметкерлерін ынталандыру және басқа да жедел шаралар үшін 150 млрд теңгеден аса қаражат бағытталады. Қаражаттың жұмсалуы ерекше бақылауда болады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу