Медицина саласында 1 айда 800-ден аса құқық бұзушылық анықталды

795

Жаппай тексеру біраз былықтың бетін ашты.  

Медицина саласында 1 айда 800-ден аса құқық бұзушылық анықталды

Медицина саласында тек 1 айда 869 құқық бұзушылық анықталды , деп хабарлайды Atameken Business. 

Елдегі ахуалды пайдаланып табысқа кенелмек болғандар қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ақорданың ресми сайтында күдіктілердің басым бөлігі препараттарды алыпсатумен айналысқаны жазылған. Тәртіп сақшылары дәрі-дәрмек құнын қымбаттатқан 522 фактіні тіркеген. Сондай-ақ, оларды заңсыз түрде дайындап, саудалаған 338 қылмыстың жолын кескен. Өз лауазымын пайдаланып, заңнан аттаған шенділер де қолға түсті. Мәселен, Қостанай мен Қызылорда облысында денсаулық сақтау органдарының қызметкерлері өкпені жасанды желдету аппараттарын жоғары бағамен сатып алып отырған. Қазір бюджет қаржысын жымқырғандар үстінен қылмыстық іс қозғалуда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу