Медицина саласында қылмыстық құқық бұзушылық саны артты

1077

Медицина саласында қылмыстық құқық бұзушылық саны бір жылда 12%-ға артты, деп жазады inbusiness.kz ranking.kz-ке сілтеме жасап. 

Медицина саласында қылмыстық құқық бұзушылық саны артты

Осы жылдың 8 айындағы деректерге сәйкес, елімізде 181 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелген. Былтырғы жылмен салыстырғанда 12,4%-ға көп. Жәбірленушілердің арасында 126 әйел, кәмелетке толмаған 8 бала, 7 зейнеткер мен 1 сотталған адам болған.

Медициналық қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматы облысында тіркелген. Одан кейінгі орындарда Алматы және Астана қалалары, Павлодар облысы тұр.

Аталған сектордағы ең аз қылмыстар Ұлытау, Абай, Қостанай облыстарында жасалған.

Құқық бұзушылықтардың 96,1%-ын (174 жағдай) "медицина немесе фармацевтика жұмыскерiнiң кәсiптік мiндеттерiн тиiсiнше орындамау" жағдайлары құраған. 

Бұдан бөлек "заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау" (5 жағдай), "жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу" (1 жағдай), "жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу" (1 жағдай) де тіркелген.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу