Медицина саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 6%-ға артты

679

Сектордағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелді.  

Медицина саласында қылмыстық құқық бұзушылықтар саны 6%-ға артты Фото: google

2022 жылғы қаңтар-желтоқсан айларында республикада 223 медициналық қылмыстық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 6,2%-ға артық, деп жазады inbusiness.kz finprom.kz порталына сілтеме жасап.

Сектордағы құқық бұзушылықтар санының өсуі көрсеткіштердің үш жыл (2019-2021 жылдары) азаюынан соң алғаш рет байқалып отыр.

Аймақтар бойынша айтар болсақ, сектордағы қылмыстық құқық бұзушылықтардың басым бөлігі Алматыда тіркелді (26 жағдай, +36,8%).

Антилидерлер үштігіне Астана (21 жағдай) мен Алматы облысы (20 жағдай) кірді. Ең аз қылмыстар Жетісу, Ұлытау және Ақтөбе облыстарында тіркелді.

Құқық бұзушылықтардың 96,4%-ы медицина немесе фармацевтика қызметкерлерінің кәсіби міндеттерін тиісінше орындамауынан болған: 215 жағдай, жылдық өсім – 5,4%.

Бұдан басқа "заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет және есiрткi немесе психотроптық заттарды алуға құқық беретін рецептілердi немесе өзге де құжаттарды заңсыз беру не қолдан жасау" (6 жағдай), "жүктілікті жасанды үзуді заңсыз жүргізу" (1 жағдай), "жалған дәрілік заттармен немесе медициналық бұйымдармен жұмыс істеу" (1 жағдай) деректері де тіркелген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу