Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

908

Нобель апталығы барысында физика (5 қазан), химия (6 қазан), әдебиет (7 қазан) салаларындағы лауреаттар жарияланады. 

Медицина саласындағы Нобель сыйлығының иегерлері анықталды

Швецияда физиология мен медицина саласындағы 2021 жылғы Нобель сыйлығы иегерлерінің есімдері белгілі болды, деп хабарлайды Inbusiness.kz. Бұл сыйлық биыл Дэвид Джулиус пен Ардем Патапутян есімді америкалықтарға бұйырды. Олар температура мен қысым рецепторларын ашқаны үшін бұл сыйлыққа ие болды. 

"Жылу, суық және жанасу сезімі өмір сүру үшін қажет және біздің сыртқы әлеммен қарым-қатынасымыздың негізі болып табылады. Күнделікті өмірде біз бұл сезімдерге мән бермейміз, бірақ температура мен қысымды сезіну үшін жүйке импульстары қалай қозғалады? Бұл сұрақтың жауабын Нобель сыйлығының лауреаттары тапты", – деп жазылған комитеттің ресми сайтында.

Нобель апталығы барысында физика (5 қазан), химия (6 қазан), әдебиет (7 қазан) салаларындағы лауреаттар жарияланады. 8 қазанда бейбітшілік  сыйлығының лауреаты белгілі болады. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу