ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Қарағанды облысына жұмыс сапары шеңберінде "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ жаңа студенттік жатақханасының ашылуына қатысты, Кәсіптік денсаулық клиникасына барды, сондай-ақ облыстық клиникалық аурухананың инфекциялық орталығында зардап шеккен балаларға медициналық көмек көрсету барысымен танысты.
"Осындай заманауи жатақхананың пайда болуы - жаңа оқу жылының басында денсаулық сақтау саласының болашақ мамандарына тамаша сыйлық. Құрылысты университет "ҚР Президентінің бес әлеуметтік бастамасы" бағдарламасының шеңберінде жүзеге асырды - деп атап өтті министр құттықтау сөзінде.
Жаңа жатақхананың бірегейлігі - бұл заманауи үлгі, мұнда барлығы студенттер үшін барынша жайлылыққа бағытталған. Бөлмелер 2 адамға арналған, жаңа ыңғайлы жиһазбен жабдықталған, сабаққа дайындық бөлмесі бар, сымсыз интернет барлық жерде қол жетімді. Студенттердің иелігінде заманауи тұрмыстық техника, мультимедиялық кабинет, спорт залдары: тренажер, теннис, би және басқалары бар. Ғимараттың бірінші қабатында дәрігер кабинеті, көшеге жеке шығатын изолятор қарастырылған.
Қазіргі уақытта университетте 7 мыңнан астам студент, оның ішінде қаладан тыс студенттер оқитынын, ҚМУ жаңа жатақханасы білім алушыларға арналған 7 жатақханаға айналғанын айта кету керек.
Әрі қарай Ажар Ғиният Кәсіби денсаулық клиникасына барды.
Клиника ҚР ДСМ "Қарағанды медицина университеті" КеАҚ Қоғамдық денсаулық сақтау және кәсіптік денсаулық институтының құрамына кіреді және республиканың кәсіптік патология қызметін үйлестіреді. Клиника жылына орта есеппен 1800 азаматты стационарлық емдеумен қамтиды және 4500 адамға дейін амбулаториялық-емханалық көмекпен қамтамасыз етеді. Клиника әртүрлі бағыттағы 70 маманнан , негізінен Қарағанды медицина университетінің профессорлық-оқытушылық құрамынан тұрады.