Медицина ұйымдарына бекітілген соманың 35 пайызы төленді

754

Биылғы жылы мемлекеттік тапсырысты 1403 медицина ұйымы орындауда.

Медицина ұйымдарына бекітілген соманың 35 пайызы төленді

МСҚ жыл басынан бері халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 305 млрд теңге төледі, деп хабарлайды қордың жұртшылықпен байланыс департаменті. 

"2019 жылдың мамырындағы мәліметтер бойынша, қормен келісімшарт бекіткен жеткізуші компанияларға 305 млрд теңге төленді. Бұл жалпы кепілдендірілген медициналық көмек пакеті шеңберінде бекітілген келісімшарт сомасының 35,4 пайызын құрайды", – деді МСҚ басқарма төрағасының орынбасары Ботагөз Жақселекова.

Биыл кепілдендірілген көмек түрлерін көрсетуге құлшыныс білдірген медицина ұйымдарымен 860 млрд теңгенің келісімшарты бекітілген болатын. Бұл өткен жылы бөлінген қаржыдан 5 пайыз артық.   

Мемлекеттік тапсырысты орындап жатқан жекеменшік медицина ұйымдарының саны жағынан Шымкент, Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары, Қызылорда, Жамбыл және Қарағанды облыстары алда тұр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу