Медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

213

Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлім етті. 

Медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді Фото: canva.com

Жаңа жылдан бастап медицина саласында бірқатар оң өзгерістер жүзеге аспақшы. Солардың бірі – денсаулық сақтау саласын цифрландыру, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Санитарлық кітапшалар мен медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшеді

Жаңа жылдан бастап жеке медициналық кітапшалар беру, есепке алу және жүргізу электронды форматқа көшіріледі.

Аталған тетікті енгізу азаматтарға құжатты бірден бірнеше ұйымға ұсынуға мүмкіндік береді, бұл олардың уақыты мен қаражатын үнемдейді. Бүгінде 1,6 млн-ға жуық қазақстандықтың санитарлық кітапшасы бар.

Өзгерістер басқа медициналық құжаттардың берілуіне де әсер етті. Сондай-ақ азаматтарға ыңғайлы болу үшін қағаз түрінен электронды форматқа көшіру жоспарланып отыр.​

Қазіргі уақытта бұл мақсатқа жету үшін ақпараттық жүйелерді интеграциялау жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар үшінші қолға азаматтардың келісімімен ғана "еDensaulyq" бөлімінде медициналық деректерге қол жеткізу мүмкіндігі бар "eGov mobile" қосымшасы арқылы беріледі.

Сонымен қатар жаңа жылдан бастап балаға екпе салуға рұқсат беру немесе бас тарту да электронды түрде тіркеледі. Екпе салынған пациент вакцинадан кейінгі асқынуларға шағымданған жағдайда ғана әрекет алгоритмі өзгереді.

Медицина тілінде мұны иммунизациядан кейінгі жағымсыз әсерлер деп атайды. Дәрігер дереу көмек көрсетуге, электронды хабарлама ресімдеп, оны мемлекеттік органдарға тапсыруға міндетті болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу