Медициналық анықтамаларды қолдан жасаған

223

Бұл туралы Ақмола облысының прокуратурасы хабарлады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Медициналық анықтамаларды қолдан жасаған Фото: Семейная клиника

Қала прокуратурасы кейіннен жұмысқа қабылдау немесе рұқсат құжаттарын, оның ішінде жүргізуші куәлігін алу кезінде пайдаланылған медициналық тексеруден өту туралы анықтамаларды қолдан жасау фактілерін анықтады.

Азаматтар белгілі бір ақыға "Ш" азаматтан медициналық мамандардың нақты тексеруінсіз медициналық тексеруден өткені туралы жалған анықтамалар сатып алғаны анықталды.

Тексеру нәтижелері бойынша "Ш" азаматына Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 385-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.

Медициналық анықтамаларды қолдан жасау фактілерінің алды алынды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу