Мысалы, қызмет бағасына хирург, невропатолог қарауы және Вассерман реакциясына қан талдауы сияқты қосымша медициналық қызметтер негізсіз енгізілген, деп жазады inbusiness.kz сайты.
"Ойыл ауданында ақылы медициналық қызметтердің құны негізсіз қымбаттатылғаны анықталды. №073/е анықтамасы (көлік құралын басқаруға рұқсат алу үшін) және №075/е анықтамасы (медициналық кәсіби-консультациялық қорытынды) 7 705 теңге, ал №076/е анықтамасы (қару ұстауға рұқсат алу үшін) 9 405 теңге болған", – деп хабарлады облыстық прокуратураның баспасөз қызметі.
Сонымен қатар, аурухананың қажетті диагностикалық жабдықпен толық қамтылмауы себебінен науқастар облыстық медициналық мекемелерге жүгінуге мәжбүр.
"Прокурорлық қадағалау актісі негізінде анықтамалар құны №073/е – 6 000 теңгеге, №075/е – 5 000 теңгеге, №076/е – 9 000 теңгеге төмендетілді", – делінген хабарламада.
Сондай-ақ, жетіспейтін жабдықтарды сатып алу мәселесі бойынша Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасына өтінім жолданды.
Жауапты лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.