Елімізде медициналық бетперделерді экспорттауға ақыры тыйым салынды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитеті мәлімдеді, деп хабарлайды Atameken Business.
Ведомство бұл әрекетке ұлттық қауіпсіздік пен азаматтарымыздың денсаулығын қорғау үшін барған. Яғни, елімізде коронавирис эпидемиясы тіркелген жағдайда қорғаныс құралдары жеткілікті болу үшін жасалуда. Маскалардан бөлек, респираторлар, арнайы көзілдіріктер, халаттар, қолғаптар мен қорғаныс киімдерін ел сыртына шығаруға шектеу қойылды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу