Медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр – Қасым-Жомарт Тоқаев

583

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел халқына Жолдауында медициналық сақтандыру жүйесін сынға алды, деп жазды inbusiness.kz. 

Медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр – Қасым-Жомарт Тоқаев

Еліміздің басты құндылығы – Адам. Бұл – айқын нәрсе.  Сондықтан ұлттық байлықты тең бөлу және баршаға бірдей мүмкіндік беру – реформаның басты мақсаты.

Ұлт саулығы жақсы болса ғана, қоғам орнықты дамиды. Денсаулық сақтау саласында біраз реформа жүргізілді.

Дегенмен оның жағдайы әлі де мәз емес. Әрине, жылдар бойы қордаланған түйткілдер бір мезетте шешілмейді. 

Сондықтан аса маңызды  мәселелерді ретке келтіруге баса мән берген жөн. Соның бірі – қаржыландыру жүйесі, – деді Президент.

Сонымен қатар ол салаға қаржының жеткілікті бөлінбеуі қалыпты жағдайға айналғанын атап өтті. 

Соның кесірінен, жұрт сақтандыру жүйесіне қосылса да, медициналық қызмет толық көлемде көрсетілмей отыр.

Бүгінде медициналық көмек мемлекет кепілдік берген және сақтандыру пакеті деп екіге бөлінген.

Ашығын айтсақ, мұндай жүйенің тиімділігі төмен, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу