Жыл басынан бері медициналық қызметтер 6,1%, ал бір жылда 9,7% қымбаттаған, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz-ке сілтеме жасап.
Ақмола облысында амбулаториялық қызметтер бағасы бір айда бірден 9,5% көтерілген. Алматы облысында баға 7,7%, Алматы қаласында 6,1% өскен. 17 өңірдің төртеуінде баға бұрынғы деңгейде сақталған.
Жыл басынан бері медициналық қызметтер Түркістан облысында –12,5%, Ақмола облысында – 9,5%, Алматы облысында – 8,5% қымбаттаған.
Түркістан (плюс 22,2%), Алматы (плюс 14,8%) және Ақмола облыстарында (плюс 13,5%) бір жылда баға айтарлықтай көтерілді.
2022 жылғы наурызда дәрігердің алғашқы қабылдауы – 4,3%, стоматологиялық қызметтер – 3,4%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 3%, амбулаториялардағы маманданған дәрігерлердің қызметтері – 2,4% қымбаттады.
Жылдық динамикада дәрігердің алғашқы қабылдау бағасы – 12,4%, амбулаториялардағы маманданған дәрігерлердің қызметі – 12,2%, медициналық зертханалар мен рентген кабинеттерінің қызметтері – 8,6%, стоматологиялық қызметтер – 7,8% өскен.
Биыл наурызда дәрігердің алғашқы қабылдауы Қазақстан бойынша орта есеппен 3,9 мың теңге болды. Бұл қызмет түрі Атырау (5,2 мың теңге), елорда (5,1 мың теңге) және Алматы (4,9 мың теңге) қалаларында қымбат, ал ең арзан қызмет Түркістанда – 2,5 мың теңге.
Іш қуысының УДЗ қызметі еліміз бойынша орта есеппен 4,3 мың теңге тұрады. Қызмет көрсетудің ең жоғары бағасы –Ақтауда (5,8 мың теңге), ең төмен баға – Ақтөбеде (2,7 мың теңге).
Қазақстан бойынша орта есеппен қанның жалпы талдауы – 1,4 мың теңге. Ең қымбат талдау – Өскеменде (1,8 мың теңге), ең арзаны –Талдықорғанда (863 теңге).
Жалпы зәр анализінің құны орта есеппен 777 теңгені тұрады. Ең жоғары баға – Шымкентте (878 теңге), ең төменгісі – Семейде (687 теңге) тіркелді.
Дәурен Ерболат