Медициналық қызметтің сапасына байланысты 100 мыңға жуық шағым түскен

1036

Ел азаматтары медициналық қызмет көрсетуге байланысты арыз-шағымдарын "1406" байланыс орталығына жолдауды әдетке айналдырған. 

Медициналық қызметтің сапасына байланысты 100 мыңға жуық шағым түскен

Осы орталыққа биылғы 1 қаңтар мен 1 желтоқсан аралығында  96 884 шағым тіркелген.  Бұл туралы ақпарат таратқан "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі шағымдардың 70%-ы карантин кезінде түскенін айтады.

"Азаматтардан келіп түскен арыздардың бірі қалмай өңделіп, тіркеу нөмірімен өтініштер тізіліміне түседі. Содан кейін мониторинг жүргізіледі, қажет болған жағдайда белгіленген мерзімде шешім қабылдау үшін сараптамалық бағалауға жіберіледі", – дейді баспасөз қызметкері Ж.Үмбетова.

Байланыс орталығына келіп түскен өтініштердің 541-і –  медициналық қызмет сапасына, 232-сі – жолдама беруден бас тартуға қатысты болған. Сондай-ақ, емханаға тіркеуден және медициналық көмек көрсетуден бас тартқан медициналық мекемелер үстінен де арызданғандар бар. 

 "Тұрғындардың медициналық қызмет көрсетудің сапасына, диагностикалық зерттеу мәселесіне қатысты және коронавирусқа байланысты сауалдары болса, "1406" байланыс орталығына хабарласуға болады", - дейді медициналық сақтандыру қорының мамандары.

Қымбат Нұрғал

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу