Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын тантал өнімдері шығарылмақ

795

Медициналық мақсаттарға пайдаланылатын тантал өнімдері шығарылмақ

Шығыс Қазақстанда құрамына 10 жоба енгізіліп отырған төрт мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалар жасалынған. Қазіргі күні Үкімет жанындағы Жоғары ғылыми-техникалық комиссиямен 3 млрд. теңгенің 7 жобасы бекітіліп отыр. Үш жоба кәсіпорындар есебінен қаржыландырылмақ, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Мақсатты ғылыми-техникалық бағдарламалардың басты міндеті өндірісті әртараптандырып қана қоймай, инновациялық жағынан жаңарту. Бұлар түбегейлі жаңа жобалар", - дейді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Жаңашылдық адам организмімен бірге жақсы бітісе алатын тантал металына, тантал ұнтағы индустриясын медицинада адам мүшелерінің қызметіне пайдалануға, сүйектерді алмастыруға, басқа да мақсаттарға қолдануға қатысты болып отыр. Инновациялық жобалар бойынша медициналық мақсаттарға пайдаланылатын тантал өнімдері шығарылмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу