Медициналық маска қанша теңге тұрады

2637

Қыста ерекше сұраныста болатын медициналық тауар бағасы әр өңірде әртүрлі. 

Медициналық маска қанша теңге тұрады

Медициналық маскалардың нарықтағы бағасы қандай. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Қыста ерекше сұраныста болатын медициналық тауар бағасы әр өңірде әртүрлі.

Қостанайда медициналық маска бағасы 20-25 теңге аралығында.

Петропавлда – 10 теңге. Павлодарда бетперделер 10 теңгеден бастап 20 теңгеге дейін. Орталық Қазақстанға тоқталсақ,  Қарағандыда масканың бағасы 30 теңгеге дейін өскен. Ал Шығыс Қазақстанда ол 15 теңгеден бастап 25 теңгеге дейін саудалануда. Талдықорғанда 20 теңге. Ең жоғары баға Алматы дәріханаларында тіркелген. Алматылықтар масканы 50 теңгеге ала алады. Оңтүстік Қазақстанда масканың құны 15 теңгеден бастап 35 теңгеге дейін. Ал Батыста бетперделер қатты қымбаттамаған. Оларда 20-25 теңге. Ақтөбеде 15-20 теңге. Бас шаһардың дәріханаларында бетперделер 20-50 теңге аралығында  сатылып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу