Медициналық маска шығару көлемі көбейеді

1375

Коронавирустың алдын алу бойынша ақпараттық жұмыс жүргізіледі.

Медициналық маска шығару көлемі көбейеді

Коронавирус инфекциясы өршіп тұрған елдерге тұрақты авиарейстер шектелсін және бұл 
мемлекеттерден еңбек мигранттары қабылданбасын! Үкімет басшысы Асқар Мамин индустрия және инфрақұрылымдық даму, еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне осындай тапсырма берді. 

Асқар Маминнің бұйрығына бойынша, фармацевтикалық кәсіпорындар  медициналық маска шығару көлемін көбейтсін! Ал барлық әкімдіктер адамдар көп жиналатын қоғамдық орындарда эпидемияға қарсы іс-шараларды күшейтуі керек. 

"Әкімдіктер мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі шетелден жұмыс күшін тарту үшін коронавирустың анықталу деңгейі қолайсыз елдердің азаматтарына рұқсат беруді тоқтата тұрсын. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі денсаулық сақтау министрлігімен бірлесіп, коронавирус инфекциясының алдын алу шараларын күшейту бойынша халықпен сапалы ақпараттық жұмыс жүргізсін!", – деді Премьер-министр.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу