Медициналық мекеме басшыларының кабинеті 1-қабатқа көшіріледі

1084

Бұл шара тұрғындарға қолайлы жағдай жасау және медицина саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету мақсатында атқарылмақ.

Медициналық мекеме басшыларының кабинеті 1-қабатқа көшіріледі

Павлодар облысында медициналық мекемелердің басшыларының кабинеттері бірінші қабатқа көшіріледі, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.

Бұл облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ерлан Ержанов мәлім етті.

"Өткен жылы медициналық ұйымдарда науқастарды қолдау қызметі кабинеттерін бірінші қабатқа көшіру туралы шешім қабылданғаны белгілі. Медициналық ұйымдарда басшылардың кабинеттері техникалық мүмкіндік болған жағдайда бірінші қабатқа ауыстырылады. Биыл қаңтар айы бойы біздің ведомствоның басшысы Ораз Мұқашев халыққа қызмет көрсету орталықтарында ай сайын екі рет сенбі күндері ашық кездесулер өткізеді. Сол жерге келген кез келген тұрғын өздерін толғандырған сауалға бірден жауап ала алады. Мұндай шаралар мәселені уақытында шешуге көмектеседі", ­– деді Ерлан Ержанов

Спикер 2019 жылдың басынан денсаулық сақтау басқармасы бірқатар бағынысты медициналық ұйымдарда сатып алуды орталықтандыруды жүргізгенін және бұл тәжірибе алдағы уақытта жалғасын табатынын атап өтті.

"Бұдан басқа, мемлекеттік-жекеменшік әріктестік жобасы бойынша стационарлық қызмет көрсететін 11 мекемеде тамақтану қызметі орталықтандырылады", ­– деді Ерлан Ержанов.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу