Медициналық мекемеден лицензиясыз сақталған психотроптық препарат табылды

803

"Дәрмек" жедел-алдын алу іс-шарасы есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың заңды айналымындағы бұзушылықтарды анықтауды мақсат тұтты.  Бұл туралы Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаментінің басқарма басшысы Бақытжан Әмірханов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Медициналық мекемеден лицензиясыз сақталған психотроптық препарат табылды

"6-12 қыркүйек аралығында өткізілген шара шеңберінде полиция 865 субъектіні, оның ішінде 599 дәріхананы, 24 қойманы, 205 емдеу - профилактикалық мекемесі мен 37 өнеркәсіптік кәсіпорынды тексерді. Нәтижесінде 1,2 тонна прекурсордың айналымы шектелді", – деді Бақытжан Әмірханов.

Басқарма басшысының баяндауынша, операциясы барысында полицейлер есірткіге ұқсас дәрі-дәрмекті рецептсіз босатуды қатаң қадағалады. 

"Жедел алдын алу іс-шарасы барысында 18 қылмыстық құқық бұзушылық анықталды. Оның 17-і есірткі заттарымен жұмыс істеу ережесін бұзу, біреуі рецепті заңсыз беру немесе қолдан жасау фактісі ретінде тіркелді. Алматы облысында медициналық мекемеден лицензиясыз сақталған 417 ампула – морфин, 255 – промедол, 100 ампула – фентонил, 140 ампула – реланиум табылды. Осыған байланысты қылмыстық кодекстің 303-бабы 1-бөлігі бойынша есірткі заттарымен жұмыс істеу ережесін бұзу бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", – деді Бақытжан Әмірханов.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу