Медициналық пойыздар екі айда 60 теміржол станциясын қамтыды

941

Медициналық пойыздар екі айда 60 теміржол станциясын қамтыды

"Саламатты Қазақстан" пойызының дәрігерлері Шығыс-Қазақстан облысының Бұқтырма станциясында, "Денсаулық"  медициналық пойызының дәрігерлері Атырау облысының Сағыз станциясында  тұрғындарға қызмет көрсетуде, деп хабарлайды strategy2050.kz.

Осы екі айда 100 мыңнан астам жергілікті тұрғындар пойыздағы дәрігерлердің қызметіне жүгінген. 100 мыңның үстінде диагностикалық дәрігерлік қабылдау жүргізілсе, 400 амбулаториялық ота жасалды. 800 ден астам әйел маммологқа қаралды. Өңірлердің 5 мыңнан астам тұрғындары тіс дәрігерлерінің қабылдауында болды.

Атап өтерлігі, "Саламатты Қазақстан" медициналық пойызы 11 сәуірде Қарағанды станциясынан сапарға шықты.  Жылжымалы құрам Қазақстанның орталық, солтүстік, шығыс өңірін биылғы қарашаның 6-на дейін қамтитын болады.

Сәуірдің 18-інде Алматы-1 станциясынан "Денсаулық" медициналық  пойызы Қазақстанның оңтүстік, батыс өңірлеріне шыққан болатын. Медициналық пойыз бұл өңірлерді желтоқсанның 20-сына дейін араламақ.

Медициналық пойыздарды жасақтау жобасын "ҚТЖ" ҰК" АҚ "Әлеуметтік жобалар қоры" Корпоративтік қоры, "Samruk-Kazyna Trust" әлеуметтік жобаларды дамыту қоры, "Қазпошта" АҚ, денсаулық министрлігі, ҚР ІІМ жергілікті басқарамалардың қолдауымен жүзеге асырып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу