Медициналық пойыздар Түркістан облысына тоқтады

751

Тұрғындар медициналық пойызда тегін тексеруден өте алады.

Медициналық пойыздар Түркістан облысына тоқтады

2 қыркүйектен бастап "Медициналық пойыздар" жобасы Түркістан облысында. Пойыздың білікті қызметкерлері алдымен Шойтөбе станциясының тұрғындарын қабылдайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Заманауи медициналық техникамен жабдықталған "Жәрдем" консультативтік-диагностикалық пойызы Түркістан облысында бір ай бойы болып, 16 шалғай елдімекенге барады: 2-3 қыркүйек – Шойтөбе, 4-5 қыркүйек – Тимур, 6-7 қыркүйек – Талдықұдық, 8-9 қыркүйек – Шағыр, 10-11 қыркүйек – Монтайтас, 12-13 қыркүйек – Шанақ, 14-15 қыркүйек – Шеңгелді, 16-17 қыркүйек – Жылға, 18-19 қыркүйек – Дарбаза, 20-21 қыркүйек – Қалаш, 22-23 қыркүйек – Бадам, 24-25 қыркүйек – Игілік, 26-27 қыркүйек – Қызылсай, 28-29 қыркүйек – Ынтымақ, 30 қыркүйек - 1 қазан – Сас-Төбе, 2-3 қазан – Көктерек.

Бұл уақыт аралығында медициналық пойыз дәрігерлері өңірдің 10 000 тұрғынын қабылдайды деп күтілуде.

1 қыркүйек "Жәрдем" пойызы Қызылорда облысындағы жұмысын аяқтады. Мұнда 7 492 тұрғын алғашқы медициналық көмек пен консультация алды, олардың шамамен 37%-ы – балалар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу