Медициналық препарат сатумен айналысатын кәсіпкерлер банкрот болып жатыр

1079

Елімізде мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салынған. 

Медициналық препарат сатумен айналысатын кәсіпкерлер банкрот болып жатыр

Дәрі-дәрмектің көтерме және бөлшек саудасымен айналысатын бизнес субъектілері шығынға батып отыр. 

Сенатор Динар Нөкетаева премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа жолдаған депутаттық сауалында осылай деді.

Оның сөзінше, препараттарды тіркеу кезіндегі қиындықтар кейбір кәсіпкерлерді банкроттыққа әкеліп тіреді. Бұл жағдай халық тарапынан сұранысқа ие препараттардың, оның ішінде онкологиялық ауруларға, қант диабетіне, жоғары қан қысымына және басқа да сирек кездесетін дертке қажет дәрі-дәрмектердің тапшылығын тудыруы мүмкін. 

"Қолданыстағы заңнамада мемлекеттік тіркеуден өтпеген дәрі-дәрмекті сатуға тыйым салынған. Елімізде дәріні тіркеу мерзімі өте ұзақ уақыт алады. Осыны ескере отырып, тіркелмеген дәрілік заттарды елімізге әкелген жағдайда уәкілетті орган айқындайтын тәртіппен берілетін қорытындының, яғни рұқсат беру құжатының негізінде тіркеу жолдарын қарастыру қажет", – деді депутат.

Қанат Махамбет

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу