Елімізде дәрі-дәрмек бағасын қазіргіден едәуір төмендетуге болады. Ол үшін препараттардың құны мемлекеттік деңгейде реттелуі тиіс, деп мәлімдеді
ҚР ДСМ медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті төрайымының міндетін атқарушы Лариса Пак.
"Дәріханаларда бағаның шарықтап кеткені туралы жиі шағым түседі. Пайызға шақсақ, мемлекет дәрі-дәрмектің 54 пайызының құнын реттейді. Егер заң жүзінде қолға алатын болсақ, кем дегенде дәрілік заттардың құнын 3-4 есе арзандатуға мүмкіндік туар еді", - деді ол.
Айта кетейік, нарықтағы отандық дәрі-дәрмектің бүгінгі үлесі 50 пайызға жақындап келеді. Қазіргі таңда оның мөлшерін ары қарай арттыру арқылы импортқа тәуелділіктен арылу маңызды мәселе болып тұр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу