Медициналық сақтандыру 2020 жылға дейін шегерілді

1508

 Медициналық сақтандыру 2020 жылға дейін шегерілді

Сондай-ақ, қаңтардан бастап, елде салық жүйесіне де қатысты өзгерістер күшіне еніп отыр. Оған сәйкес, енді жалған кәсіпкерлікке қатысты 215 бап мүлдем алынып тасталған.

Кейінге шегерілген бірқатар заңнама мен реформа да бар. Соның бірі - міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі. Бастапқыда 2018 жылдан бастап қолданысқа енеді дегенімен, денсаулық сақтау министрлігі оны 2020 жылға дейін шегеріп отыр. Дегенмен, жұмыс берушілер үшін төлем жасау өткен жылдың 1-шілдесінен бері жүргізіліп келеді. Үкімет оны жалғастыра бермек. Егер былтыр сақтандыру қорына салым 1%-бен аударылса, 2018 және 2019 жылдары бұл көрсеткіш 1,5 %-ға дейін көтерілмек. Ал 2020 жылы 2%-ға, 2022 жылға қарай 3%-ды құрайды деп те жоспарланған. Сондай-ақ, биыл министрлік өзін-өзі жұмыспен қамтып отырған азаматтардың да салым мөлшерін қайта анықтап, бекітеді деп күтілуде. Жалпы елде мұндай санатта тұрған 2 млнға жуық адам бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу