Медициналық сақтандыру бойынша сыйақы көлемі 11,7 пайызға артты

738

Медициналық сақтандыру бойынша сыйақы көлемі 11,7 пайызға артты

Қазақстанда осы жылдың қаңтар-сәуір айларында медициналық сақтандыру бойынша жинақталған сыйақы көлемі өткен жылдың балама кезеңімен салыстырғанда 11,7%, артып, 12 млрд 800 млн теңгеге жетті, деп хабарлайды Atameken Business.

Бір жылдық өсім шамамен 12 пайыз. Аталған сома жалпы салымның 10 пайызы немесе ерікті сақтандырудан түскен қаржының үштен біріне тең.

Сыйақы көлемі артқанымен, төлемдер мөлшері қысқаруда. Мәселен өткен жылы  6  млрд 200 млн теңге халыққа берілсе, биылғы көрсеткіш бірден 6 пайызға дейін қысқарып 5 млрд  900 млн теңгені құраған. Бұл сақтандыру нарығындағы барлық қаржының тек 20,7 пайызы. Ал ерікті төлемдердің тең жартысын құрайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу