Медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласына оң әсер етті – министр

2019 жылдан бері медициналық-санитариялық алғашқы көмек бойынша көрсетілген қызметтер саны 3,2 есе өсті. 

Медициналық сақтандыру денсаулық сақтау саласына оң әсер етті – министр Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру базалық параметрлерінің өзгеруіне және пандемияның ықпалына қарамастан, медициналық сақтандыру жүйесін енгізу денсаулық сақтау саласына оң әсер етті. Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу жылдарында медициналық-санитариялық алғашқы көмек (МСАК) бойынша көрсетілген қызметтер саны 3,2 есе (2019 жылы 191 293-тен 2022 жылы 605 792-ге дейін) өсті", – деді министр.

Бұл ретте еліміздегі жалпы практика дәрігерлерінің саны қалада 18% - ға және ауылда 8% - ға өсті.

"Ауылдардағы жылжымалы медициналық кешендер есебінен халықты медициналық көмекпен қамту 2022 жылы 1,6 миллион адамды құрады – өсім 1,8 есе. Амбулаториялық деңгейде тегін дәрі-дәрмектерге қол жетімділіктің едәуір артуы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың оң нәтижелерінің бірі болып табылады", – деді Ажар Ғиният.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу