Медициналық сақтандыру қорына 113,8 миллиард теңге жарна түсті

1104

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан Алматы, Астана қалалары мен Қарағанды облысы көш бастап тұр. 

Медициналық сақтандыру қорына 113,8 миллиард теңге жарна түсті

2018 жылдың қазан айында Медициналық сақтандыру қорына 8,7 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Жүйе іске қосылған 2017 жылдың 1 шілдесінен биылғы 31 қазанға дейінгі аралықта жеке кәсіпкерлер мен жұмыс берушілер төлеген жарнаның жалпы сомасы 113,8 млрд теңгеге жетті.

Оның 105,2 млрд теңгесі (шамамен 92,4%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,6 млрд теңге (7,6%) - жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі. 

Айта кетсек, жинақталған қаржы Ұлттық банкте сақталады. Болашақта МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге жұмсалады. Бас банкпен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу