Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 157,8 миллиард теңгеге жетті

833

Наурыз айында 8,6 млрд теңгеден астам жарна түскен.

Медициналық сақтандыру қорына түскен жарна көлемі 157,8 миллиард теңгеге жетті

Биылғы наурыз айында Медициналық сақтандыру қорына 8,6 млрд теңгеден астам жарна түсті, деп хабарлайды қордың жұртшылықпен байланыс департаменті.

МӘМС пакеті шеңберіндегі қызметтер ақысын төлеуге арналған жүйе іске 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап қосылған еді. 2019 жылдың 31 наурызына дейін қорға 157,8 млрд теңге көлемінде жарна аударылыпты.

"Жалпы жинақтың 149,1 млрд теңгесі (шамамен 94,5%) жұмыс берушілердің аударымдары болса, қалған 8,7 млрд теңге (5,5% жуығы) – жеке кәсіпкерлер мен азаматтық-құқықтық келісімшарт негізінде еңбек ететін тұлғаларға тиесілі", – делінген хабарламада. 

Аймақтық тұрғыдан алғанда, жарна төлеу жағынан бұрынғыша Алматы, Нұр-Сұлтан қалалары мен Қарағанды облысы алда тұр екен.

Айта кетсек, бұл жиналып жатқан қаржы Ұлттық банкте сақталады. Еліміздің бас банкімен қаржыны сенімгерлік басқару туралы келісім бекітілген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу