Медициналық сақтандыру қорынан емханаларға қаржы қалай бөлінеді?

462

Жыл басында емханаларға жұмысын тоқтатпау үшін сұралған қаржының 30%-ы төленеді 

Медициналық сақтандыру қорынан емханаларға қаржы қалай бөлінеді? Фото: Егемен Қазақстан

Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте "Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры" КЕАҚ басқарма төрағасы Сәбит Ахметов айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Тілші "Емханалардан "осындай көлемде қаржы керек деп жоспар жібереміз, алайда қордан сол қаражаттың тек 30-40 пайызы түседі" деген шағымдар түсті. Нәтижесінде МӘМС аясында пациенттерді емдеуге қаржымыз жетпей, кредиторлық берешекке батып жатырмыз. Жекеменшік және мемлекеттік емханаларға қордың қаржысын бөлу қалай жүзеге асырылады?" деп сұрады.       

"Емханаға қаражат бөлу мәселесіне келсек, жыл басында емханаларға жұмысын тоқтатпау үшін аванс ретінде сұралған қаржының 30 пайызы төленеді. Одан кейін ай сайын беріп отырамыз. Олардың кредиторлық берешектерінің әр жағдайын жеке қарау керек. Себептері әртүрлі болады. Мәселен, Қатонқарағайда 19 мың шаршы метр аумақты алып жатқан аурухана бар. Салынған кезде 40 мың халыққа деп есептелген ұйым болса, қазіргі таңда ол жерде 10 мың адам тұрады. Сондықтан оның екінші және үшінші қабаты бос тұр. Өздеріңізге белгілі, қыс бізде ұзақ. Мекемені жылы ұстау керек", - деп жауап берді спикер.

Сәбит Ахметовтің сөзінше, барлық ақша осындай шығындарға кетіп қалады да, кредиторлық берешекке айнала береді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу