Медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны ұлттық банк сақтайды

936

Медициналық сақтандыру қорындағы қаржыны  ұлттық банк сақтайды

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жай-жапсары туралы түсінік берді, деп хабарлайды 24.kz.

Алматыдағы Санжар Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінде өткен конференцияда еліміздің Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің жай-жапсары туралы егжей-тегжейлі түсінік берді

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сәйкес, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына 7 млн адам қаржы салуы тиіс. Ал 10 млн адамның сақтандыруын мемлекет өз мойнына алады. Яғни бұл санатқа жататындар 100-ден астам медициналық көмекті тегін ала алады. Сондай-ақ экономикалық тиімділігі де зор дейді мамандар.

Бірқатар күрделі операция мен тісті емдеу медициналық сақтандыру арқылы сауықтыру санатына жатпайды. Ал қорға жиналатын қаржының сақталуы Ұлттық банкке жүктеледі деді министр.
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу