Медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері нақтыланды

574

Медициналық сақтандыру жарналарының мөлшері нақтыланды

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қызметі мен қауіпсіздігіне Ұлттық банк жауапты болады. Бүгін мәжілістің жалпы отырысында Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов осындай мәлімдеме жасады.

Депутаттар заң жобасының жарналар мен аударымдар мөлшерлемесіне қатысты бірқатар мәселені қайта қарауға алды. Министр мемлекеттік қорға төленуі тиіс медициналық сақтандыру жарнасының мөлшерін келер жылға дейін 3,75%-ға жеткізуді жоспарлапты. Оның 1%-ын жұмыс беруші осы жылдың 1 шілдесінен, ал 1,5%-ын 2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап төлеуі қажет. Сондай-ақ 14 санаттағы әлеуметтік ахуалы белгіленген азаматтардың жарнасын мемлекет өз мойнына алады.

Автор: Арай Сүгірбай

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу