Медициналық сақтандыруы жоқ қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмеуі мүмкін

Мұның барлығы Медициналық сақтандыру қорының қаржылық тұрақтылығын сақтау үшін жасалады. 

Медициналық сақтандыруы жоқ қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі берілмеуі мүмкін Фото: inbusiness.kz

Жұмысы жоқ, Медициналық сақтандыру қорына ақша аудармайтын қазақстандықтарға жүргізуші куәлігі мен қару-жарақ алуға рұқсат берілмеуі мүмкін.

Бұл туралы Мәжілістегі үкімет сағатында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният мәлім етті. 

Қазір 3 млн-ға жуық қазақстандық медициналық қызметтен тыс қалып отыр. Оларды мемлекет есебінен ішінара сақтандыруды жоспарлап отыр.

"Жүйенің ұзақ мерзімді қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін келесі қажетті шарттарды ескеру қажет: 2025 жылдан бастап әрбір азамат салық декларациясын міндетті түрде тапсыратын болады. Осылайша, сақтандырылмаған азаматтардың табысы белгілі болып, 700 мыңға жуық адамды міндетті медициналық сақтандыру жүйесіне тарту жоспарлануда", – деді Ажар Ғиният.

Сонымен қатар, сақтандырылмаған тұлғаларға медициналық және онымен байланысты мемлекеттік қызметтерге шектеу қою ұсынылады. 

"Мысалы, көлік жүргізу, қару сақтау, т.б.", - деп қосты Ажар Ғиният.

Осылайша, оның айтуынша, қордың қаржылық тұрақтылығын сақтауға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу