Медициналық сақтандыруы жоқ пациенттер скринингпен қамтыла ма?

225

Денсаулық сақтау министрлігі ТМККК-ға скринингтерді енгізу мәселесін пысықтауға ниетті. 

Медициналық сақтандыруы жоқ пациенттер скринингпен қамтыла ма? Фото: freepik

Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі Тимур Сұлтанғазиев онкологиялық скринингпен қамту көрсеткіштеріне тоқталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сөзінше, ерте диагностиканың маңызды құралына скринингтер жатады. 

"Соңғы 4 айда онкологиялық скринингпен тексерілгендердің саны өткен жылға қарағанда өсті. Алайда онкологиялық тексерудің жеткіліксіз қарқыны Алматы, Түркістан облыстарында, Астана қаласында байқалады. Біз әр аймақ бойынша орталықтандырылған скринингтік орталықтарды ұйымдастырып, зерттеу көлемін оңтайландырамыз. Сонымен қатар бірыңғай медициналық көмек пакеті шеңберінде ТМККК-ға скринингтерді енгізу мәселесін пысықтайтын боламыз, сонда медициналық сақтандыруы жоқ пациенттер скринингтік бағдарламамен қамтылатын болады", - деді Тимур Сұлтанғазиев "Онкология қызметінің проблемалары мен даму перспективалары" тақырыбындағы көшпелі отырыста.

Вице-министр келтірген деректерге сәйкес, соңғы 4 айда жатыр мойны обырының 123 жағдайы анықталды. Анықталған қатерлі ісіктердің 66 пайызы бірінші кезеңде болды. Сүт безі қатерлі ісігінің 551 жағдайы анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу