Медициналық құрылғылар ұзақ мерзімге қарызға алынады

867

Медициналық құрылғылар ұзақ мерзімге қарызға алынады

Қазақстандық кәсіпкерлер аурухана мен емханаға медициналық техника алуға жәрдемдеседі, деп хабарлайды khabar.kz.

Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында биыл бұл мақсатта 2 млрд теңге бөлінеді. Бұл туралы Астанада өтіп жатқан "Астана денсаулық – 2017" халықаралық көрмесінде денсаулық сақтау вице-министрі Ләззат Ақтаева айтты. Оның айтуынша, қазір ел бойынша салаға қажетті техниканы жаңарту мақсатында шетелдік компаниялармен лизингтік келісім жасалып жатыр. Яғни медициналық құрылғылар ұзақ мерзімге қарызға алынады.

"Мұндай қадам бағасы қымбат техника үшін мемлекеттік бюджеттен бірден қомақты қаржы бөлмей, қарызды біртіндеп жабу арқылы емханалар мен ауруханаларды жаңа медициналық құрылғылармен жедел қамту мүмкіндігін тудырады", – дейді министрдің орынбасары.

Жалпы көрмеге әлемнің 12 елінен медициналық техника жасаумен айналысатын 80-нен астам компания қатысты. Оның ішінде Германия, Корея және Польша секілді елдер бар. Денсаулық сақтау саласының өкілдері келісімдер осы мемлекеттермен жасалатынын жеткізді.

"Мемлекеттік-серіктестік байланыс арқылы біздің саламызда 11 жоба бар. Бюджеті 2 миллиард теңгеден көп. Медициналық техниканы осы сомаға аламыз", - дейді Ләззәт Ақтаева.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу