Медициналық ұйымдар 100% рентген аппаратымен қамтамасыз етіледі

657

Пандемияның екінші толқынына дайындық жүргізіліп жатыр.  

Медициналық ұйымдар 100% рентген аппаратымен қамтамасыз етіледі

Бүгін Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қазақстандағы дипломатиялық миссиялардың өкілдерімен онлайн кездесу өткізді, деп хабарлайды ДСМ баспасөз қызметі.

Министр дипкорпусты еліміздегі коронавирус инфекциясының таралуына қарсы қабылданған шаралар туралы хабардар ете отырып, пандемияның ықтимал екінші толқынына дайындық шараларына да тоқталды.

Ведомство басшысының айтуынша, дайындық жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп жүргізіледі. Ол үшін медициналық ұйымдар қосымша 2 578 ӨЖЖ аппаратын сатып алады, оның ішінде 1500-і отандық тауар өндірушілерден сатып алынады. 23 890 төсек оттегімен қамтамасыз етіледі, оның ішінде 13 153-і оттек концентраторлары арқылы; 132 медициналық ұйымдар рентгендік диагностикалық кешендермен қамтамасыз етіледі. Осылайша, 2020 жылдың қазанына дейін еліміздің медициналық ұйымдары 100% рентген аппараттарымен қамтамасыз етілмек.

Жалпы А.Цой бүкіл әлемде жаңа коронавирус инфекциясының пандемиясы кезеңінде халықаралық ынтымақтастықты дамыту мен нығайту және COVID19 қарсы күресте күш-жігер біріктіру өте маңызды екенін атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу